Grant.kz – ҚазНеттің өңірлік форсажы. Маңғыстауда алғашқы аймақтық интернет-жүлде өтті

Осы жылдың 1 қазаны мен 30 қарашасы аралығында “Маңғыстау облысындағы үздік сайттар байқауы” болып өтті. Қазақ интернетінің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл өңірлік сайттар байқауына 169 уебсайт қатысты. Жарыстың негізгі ұйымдастырушысы – “Грант Қазақстан” корпоративтік қоры. Екі айға созылған осы шараның қорытындысы 4 желтоқсан күні жарияланды.

Жаңа технология бізге географиялық территориядан өзге виртуалдық кеңістік те болатынын көрсетті. Сол виртуалды кеңістік, яғни дүниежүзілік ғаламтордың қазақстандық сегментінде бұрын соңды “Өңірлік сайттар байқауы” деген сөз естілмеген болатын. Енді биылдан бастап тыңнан түрен сала бастаған “Грант Қазақстан” қоры .kz доменінде тіркелген, тақырыбы һәм ішіндегі мазмұны бойынша Маңғыстау облысына тікелей немесе жанама қатысы бар барлық сайттарға жарыс өткізуді қолға алды. Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, бұл шара Ақтау қаласының 50 жылдық, Маңғыстау облысының 40 жылдық мерейтойына арналуда.

Қордың ресми сайтында www.grant.kz байқаудың басты мақсаты былай сипатталған: Маңғыстау облысында интернет-технологияның даму қарқынын жандандыру мен одан әрі дамыту және облысымыздағы интернет-қолдушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Ал байқаудың негізгі ұстанымы:

  • Маңғыстау облысына тікелей не жанама қатысы бар сайттардың сапасын анықтау және бағалау;

  • Облыстағы ұйымдар, мекемелер мен өндірістік орындарда Интернет мүмкіндіктерін барынша қолдануға насихаттау;

  • Халық арасында ақпараттық технологияларды дәріптеу, ақпараттық сауаттылықты арттыру;

Бас-аяғы толық екі айға созылған конкурс үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде сайысқа қатысушы сайттарды тіркеу және оларға көпшілік халықтың дауыс беруі жүргізілсе, екінші этапта халықтың өз ішінен таңдалып алынған эксперт-мамандардың қатысушыларды бағалауы жүргізілді. Сондай-ақ дәл осы кезде номинанттар арасынан ақырғы мәреге өтушілер анықталды. Ал соңғы кезеңге келсек, халықаралық және республикалық деңгейде маңдайалды мамандардан іріктеп алынған жюрилер финалға өтушілердің ішінен нақты жүлдегерлерді анықтады.

Сонымен, байқау қорытындысына келетін болсақ, мынадай номинациялар бойынша, төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

  • “Мәдениет және өнер” – www.mangystau-muzey.kz
  • “Білім, ғылым және тәрбие” – www.mektep.edu.kz
  • “Медицина, денсаулық және спорт” – www.agrd.kz
  • “Өндіріс және өнеркәсіп” – www.kazgpz.kz
  • “Сату және жеткізіп беру” – www.sigma-plus.kz
  • “Көлік және қызмет” – www.uttos.kz
  • “Консалтинг және сервис” – www.rayan-media.kz
  • “Тақырыптық және ақпараттық” – www.ogni.kz
  • “Интернет-дүкендер мен онлайн-қызметтер” – www.aktaumag.kz
  • “Қоғамдық-саяси белсенділік” – www.zozh-mang.kz
  • “Мемлекеттік сектор” – www.aktau.gov.kz
  • “Дербес сайт” – www.it-tirlik.kz

Сондай-ақ қосымша номинациялар бойынша жүлделі орынға ие болғандар:

  • “Үздік халықтық сайт” – www.aktau.gov.kz
  • “Үздік қазақ тілі нұсқасы бар сайт” – www.mektep.edu.kz
  • “Үздік қазақша сайт” – www.mangystau-muzey.kz
  • “Үздік халықтық сарапшы” – Мағзуов Қуаныш Бауыржанұлы (Алматы)

Осы жерде бұл байқауды ұйымдастырушылардың сайыс өткізу барысында қатысушыларды бағалау жұмысындағы аса қырағылық танытқандарын айтпай кету мүмкін емес. Себебі, әр номинация бойынша ақтық сынға қалатын үш үміткерді, халық арасынан ерікті түрде сайланған сарапшылар анықтады. Халықтық сарапшылар байқауға қатысушылардың сайттарын арнайы құрылған автоматтандырылған алгоритм бойынша есептелетін жүйе арқылы он баллдық жүйе бойынша бағалады. Оған қоса соңғы кезең ретінде әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін, “Грант Қазақстан” қоры арнайы сарапшылар тобын шақырды. Олар сайтты әр номинация бойынша өз дәрежесінде, техникалық, дизайнерлік және маркетингтік жағынан да бағалай алатын ІТ саласындағы мойындалған мамандардан құралған.

Арнайы сарапшылар тобының дауыс беру барысы толықтай автоматтандырылған және сырттай өзгерту ықпалынан сақталған.

Каспий теңізі және құрлық арқылы 5 мемлекетпен шекаралас орналасқан республикадағы бірден-бір аймақ Маңғыстау өңірінің келешек әлеуетін дамыту барысында тек көмірсутек өндірісі арқылы емес, жаңа технологиялар арқылы да жандандыруды қолға алған бұл байқаудың облысқа берер пайдасы аз емес.

Маңғыстау облысының және де осы облысқа қатысы бар сайттар арасында өткізіліп отырған алғашқы аймақтық онлайн-байқау «Грант Казахстан» Корпоративтік Қорының бастамасымен және  «Mediana Services Limited» ЖШС АТ-компаниясының ұйымдастыру және техникалық қолдауы негізінде қолға алынып отыр.

«Грант Казахстан» қорының негізгі мақсаты – аймақта және Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және қолғабыс көрсету мақсатында әртүрлі әлеуметтік, мәдени, қайырымдылық, білім беру және басқа да шараларды ұйымдастыру болып табылады. 

Жарияланған күні: 05-12-2013  





Ақтауда қалалық «Үздік студент-блогер» байқауы өтуде

«Студент көктемі - 2014» апталығы аясында (21-25 сәуір аралығы) Ақтау қаласының жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында ғаламтор желісінде белсенділік танытып жүрген үздік блогер жастарды анықтау мақсатында «Үздік студент-блогер» конкурсы ұйымдастырылды. 

Жарияланған күні: 16-04-2014  

 

Grant.kz – ҚазНеттің өңірлік форсажы. Маңғыстауда алғашқы аймақтық интернет-жүлде өтті

Осы жылдың 1 қазаны мен 30 қарашасы аралығында “Маңғыстау облысындағы үздік сайттар байқауы” болып өтті. Екі айға созылған осы шараның қорытындысы 4 желтоқсан күні жарияланды. 

Жарияланған күні: 05-12-2013  

 

Интернет-жүлдеге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды

Байқаудың ресми сайтында байқауға қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Байқау 15 негізгі және 4 қосымша номинациядан тұрады. Өтінішті сайт иесі де, оның өңдеушісі де сайттағы қолданушы тіркелуден өтіп, бере алады. 

Жарияланған күні: 01-10-2013  

 

Демеушілер мен серіктестерді Интернет-жүлде шеңберінде өзара пайдалы қызметтестікке шақыру

«Грант Казахстан» бірлестік қоры ұйымдастырған бұл жобаның коммерциялық пайдасы жоқ және  ортақ күш жұмылдыру негізінде қалыптасады. Осыған байланысты, қызығушылығы бар барлық тұлғаларды ортақ өзара пайдалы серіктестікке және ынтымақтастыққа шақырамыз. 

Жарияланған күні: 25-09-2013  

 

Хабарлар, құлаққағыстар

Открыт новый проект «Конкурс лучших работ в сфере ИКТ»

Основной целью деятельности Фонда, как некоммерческая организация, является оказание поддержки и содействия в развитии информационно-коммуникационных технологий (ИКТ) на территории Республики Казахстан путем организации различных социальных, благотворительных, культурных, образовательных и иных мероприятий.




Статистикалық сандар

Скоро. Здес будут опубликованы цифры и различные статистические данные

Пайдалы мәліметтер

Чтобы подписаться на информационные сообщения и объявления о конкурсах, пожалуйста, направьте письмо, указав ваши контактные данные и адрес электронной почты.
Перейти в раздел

Сіздің ұсынысыңыз...

Мы всегда будем рады изучить ваше предложение. За дополнительной информацией, а также по всем вопросам, пожалуйста, обращайтесь

 

Қолдау көрсетушілер